Айдос Кенжеғұлов Австрия кубогінің ширек финалына дейін жетті

14 қыркүйек, 2020 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Айдос Кенжеғұлов Австрия кубогінің ширек финалына дейін жетті Үстел теннисінен Вельсте Австрия кубогі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. Аталған бәсекеге үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының кеңесші-жаттықтырушылары Андреас Левенко, Дмитрия Левенко қатысты. Сонымен қатар қазақстандық Айдос Кенжеғұлов Baden AC (Баден) сапында командаластарымен ширек финалға дейін жетті. Айта кетерлігі Кубок аясында өткен барлық кездесуде Айдос жеңіске жеткен.