Инсульт алған қарияға тіліксіз ота жасалды

Инсульт алған қарияға тіліксіз ота жасалды

Инсульт алған қарияға тіліксіз ота жасалды
ашық дереккөзі
Шымкентте дәрігерлер инсульт алған қарт кісіге тіліксіз ота жасады. Ес-түссіз халде ауруханаға жеткізілген 87 жастағы қарияның ұйқы артериясы мазалаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, егде жастағы науқас қалалық №1 клиникалық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген. Дәрігерлер оны толық тексеріп, шұғыл түрде ота жасауға шешім қабылдаған. Өйткені қарияда оң жақ ішкі ұйқы артериясы сағасының 90%-на дейін гетерогенді, симптомды тарылуы анықталған. Пациенттің клиникасын ескерген дәрігерлер жабық отаны бас миына қан жеткізетін маңызды тамырға жасаған. Бұл операция кезінде хирургтар аппараттың көмегімен мойын тамырына пышақ тигізбей, микроқұрылғы арқылы хирургиялық ем жүргізген. Операциядан кейінгі кезеңде науқас есін жинап, жағдайы жақсарған. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта зейнеткердің өміріне келер қауіп жоқ. Ол дәрігерлердің бақылауына алынып, қажетті емін жалғастыруда.