Францияда коронавирус қайта өршіді

Францияда коронавирус қайта өршіді

Францияда коронавирус қайта өршіді
ашық дереккөзі
Францияда коронавирус жұқтыру деректері күрт өсті. Сенбі күні елде 10561 адамнан індет анықталды. Ел билігінің хабарлауынша, бұл жұмадағы көрсеткіштен 1000 адамға көп.  Франция ауруханаларына коронавирус диагнозымен ауруханаға, жансақтау бөліміне түсушілер қатары да артқан. Сенбі күні ел ауруханаларына 2432 пациент түссе, олардың 417-сі жансақтау бөліміне орналастырылған. Ақ халаттылардың айтуынша, індет жұқтыру деңгейінің өсімі, әсіресе, жастар арасында көп. Пандемия басталғалы елде 30 мыңнан астам науқас көз жұмды. Індет құрбандарының саны жөнінен Франция әлем бойынша жетінші орында. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде індет жұқтырғандардың жалпы саны 28,9 миллионнан асты. Қатерлі вирустан 922 мыңнан астам адам қайтыс болды.