3 айда – 2 тонна: Жамбыл облысында есірткі құралдарын сақтау деректері көбейіп барады

3 айда – 2 тонна: Жамбыл облысында есірткі құралдарын сақтау деректері көбейіп барады

3 айда – 2 тонна: Жамбыл облысында есірткі құралдарын сақтау деректері көбейіп барады
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында «Қарасора-2020» Жедел алдын алу шарасы барысында екі тоннаға жуық есірткі заты анықталған. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Биылғы 1 маусымда басталған «Қарасора - 2020» жедел алдын алу шарасының үш айы ішінде Жамбыл облысында есірткіге қатысты 209 факті анықталды. "Атап айтсақ, 209 фактінің 30-ы ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде сақтау), 12 факті ҚР ҚК 297-бабы бойынша (есірткі құралдарын өткізу), 2 факті ҚР ҚК 286-бабы бойынша (есірткі құралдарының контрабандасы), 22 факті ҚР ҚК 300-бабы бойынша (құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру), 85 факті ҚР ҚК 296-бабы 1-бөлігі бойынша (есірткі құралдарын пайдалану), 44 факті ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша (есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау), 14 факті ҚР ҚК 296-бабы 3-бөлігі бойынша (есірткі құралдарын ірі мөлшерде заңсыз сақтау) расталған", - делінген ведомство хабарламасында. Барлығы заңсыз айналымнан екі тоннаға жуық түрлі есірткі заттары тәркіленген. Оның ішінде 1 тонна 900 келіден астам марихуана, 27,5 келіге жуық гашиш, 1 келі синтетикалық есірткі және 2 келіге жуық канабис шайыры бар. Сондай-ақ, жуырда ғана, яғни, 8 қыркүйек күні Жамбыл облысы ПД ЖПБ қызметкерлері «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трассасында ЖПД-мен бірлесіп Lada Grant автокөлігін тоқтатып, тексеріс барысында Барон атты қызметтік ит 32 жастағы алматылық жүргізушіден салмағы 226,5 грамм гашиш пен 820 грамм кептірілген марихуананы тапқан.