Отбасы күні: Алматыда жас отбасыларға арналған сенім кабинеттері ашылды
Отбасы күні: Алматыда жас отбасыларға арналған сенім кабинеттері ашылды
Алматыда Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында қиын жағдайда қалған жас отбасыларға арналған сенім кабинеттері ашылды.
Жобаның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту және мегаполистегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сенім кабинеттерінің ашылу салтанатына қала әкімдігі, сот өкілдері және қала жастары қатысты. Сенім кабинеттері санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып, face to face форматында және онлайн-режимінде жұмыс істейді. Алғашқы күні-ақ төрт отбасылық жұп сенім кабинеттерінде қажетті кеңес алды»,– деп хабарлады қалалық әкімдіктен.
Жас жұбайлар мұнда жоғары білікті психологтардан тегін кеңес пен психологиялық қолдау ала алады. Психологтар жастар мен студенттерге «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» және «Отбасылық қатынастардың әртүрлі аспектілері» сияқты тақырыптар бойынша кездесулер, семинар-тренингтер мен дәрістер өткізеді. Жас отбасылар мына мекенжайлар бойынша орналасқан 5 сенім кабинетіне жүгіне алады:
- Төле би көшесі, 30, 23 қабат, № 27 бөлме +7 775 071 44 51;
- Наурызбай батыр көшесі, 58, 3 қабат, № 63 бөлме +7 707 157 74 64;
- Жандосов көшесі, 58, 4 қабат, № 409 бөлме +7 777 823 09 50;
- Марков көшесі, 34, 1 қабат, № 101 бөлме +7 775 606 45 67;
- Геологтар көшесі, 2, 32 қабат, № 6 бөлме +7 702 480 11 11.
Келушілер жоғарыда көрсетілген телефондарға қоңырау шала алады немесе психологқа otbasy.almaty2020@gmail.com. электронды поштасы арқылы сұрақтар қоя алады.