Жаңалықтар

COVID-19: Ресейде індет құрбандарының саны 18,5 мыңнан асты

ашық дереккөзі

COVID-19: Ресейде індет құрбандарының саны 18,5 мыңнан асты

Ресейде өткен тәулікте 5449 адамнан коронавирус анықталды. Науқастардың 23,5 пайызында індет белгілері болмаған. Бұл туралы елдегі індеттің таралуымен күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады. Бір тәулік ішінде 2690 адам емделіп шықса, дерті асқынған 94 науқас көз жұмғаны белгілі болды. Жалпы, пандемия басталғалы Ресейде 1 062 811 адам індет жұқтырған. Науқастардың 18578-і қайтыс болды, 876 мыңнан астамы дертінен айықты. Ал әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 миллионға жуықтады. Індет құрбандарының саны 920 280-ге жетті. Коронавирустан көз жұмғандар саны жөнінен жаһан елдері арасында АҚШ, Бразилия және Үндістан көш бастап тұр. АҚШ-та індеттен қайтыс болғандар қатары 193 мыңнан асты. Бразилияда 131 мыңнан астам, ал Үндістанда 78 мыңнан астам науқас көз жұмды.