Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 миллионға жуықтады

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 миллионға жуықтады

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 миллионға жуықтады
ашық дереккөзі
Әлемде коронавирус  жұқтырғандар саны 28,7 миллионнан асты. Ал індет құрбандарының саны 920 280-ге жетті. Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі осындай. АҚШ-та қатерлі вирус жұқтырғандар саны 6,5 миллионға жуықтады. Ал Үндістанда 4,7 миллионнан, Бразилияда 4,3 миллионнан асып жығылды. Індеттен көз жұмғандар саны жөнінен де осы үш мемлекет алдыңғы орында. АҚШ-та індеттен қайтыс болғандар қатары 193 мыңнан асты. Бразилияда 131 мыңнан астам, ал Үндістанда 78 мыңнан астам науқас коронавирус құрбаны болды. Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 74 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 106 803-ке жетті. Індеттен 1634 отандасымыз көз жұмды.