СҚО-да үй құсы жаппай қырылып жатыр

СҚО-да үй құсы жаппай қырылып жатыр

СҚО-да үй құсы жаппай қырылып жатыр
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысының 3 ауданында үй құсының жаппай қырылуы тіркелді. Құстардың қырылуы Тимирязев ауданының Тимирязево және Элеваторный елді мекендерінде, Ғ.Мүсірепов атындағы Чернобаевка ауылында, Сухорабовка ауылында және Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында анықталған. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Барлығы 686 бас құс тіркелді. Олар үй иелерінің ауласында өртеліп, дезинфекциялық шаралар жүргізілді. «Ветеринарлық қызмет құстардан қан мен ішкі ағзаларын зертханалық тексеруге алды. Олар індеттің себебін анықтау үшін «Республикалық ветеринарлық лабораторияға» жіберілді. Облыс прокуратурасы жағдайды бақылауға алды. Тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті қадағалау органынан.