Түркияда маска тақпағандар 10 кітап оқуға міндеттеледі

Түркияда маска тақпағандар 10 кітап оқуға міндеттеледі

Түркияда маска тақпағандар 10 кітап оқуға міндеттеледі
ашық дереккөзі
Түркияда күн сайын коронавирус жұқтырудың 1,5 мыңнан астам дерегі тіркелуде. Өткен тәулікте 1509 адамнан індет анықталып, 48 адам көз жұмды. Елдің денсаулық сақтау министрлігі жансақтау бөлімшесіндегі науқастардың саны күннен күнге артып бара жатқанына алаңдаулы. Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның айтуынша, 11 қыркүйектің нәтижесі бойынша қауіпті індет жұқтырғандар саны өткен аймен салыстырғанда еке есе артқан. Эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты  Ыстамбұлда барлық қоғамдық шаралардың өтуіне тыйым салынды. Қалада 14 қыркүйектен бастап той-томалақ, фестиваль, көрме және ашық аспан астындағы концерттер өтпейтін болды. Бұдан бөлек, Анкара мен Ыстамбұл қоғамдық көліктердің жүрісіне шектеу енгізілді. Ірі және шағын автобустарда тек орындықта отырған жолаушылар тасымалданады. Метро, трамвай мен электр пойыздарында 50%, метробуста 30% түрегеп тұрған жолаушыны алуға рұқсат. Сондай-ақ, елде 14 күндік карантин тәртібін бұзған науқастарға жаза күшейді. Бұдан былай жауапкершілігі жоқ азаматтар арнайы жатақханаларда оқшауланады. Мардин провинциясында коронавирус жұқтырған науқастар мен олармен байланыста болғандарға арнайы білезік тағылады. Оны шешкендерге әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғалмақ. Ал Сакария провинциясында бетперде кимегендер айыппұл төлеп қана қоймай, 3 күн карантинде жатып, 10 кітап оқуға міндеттеледі. Бүгінде өңірдің 65 тұрғыны осылай жазаланған. Айта кетейік, пандемия басталғалы Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 290 мыңнан асты. Науқастардың 258 мыңнан астамы індеттен айықса, 7 мыңға жуығы көз жұмды.