Мемлекет басшысы ҚХР Сыртқы істер министрімен кездесті

Сондай-ақ!

Кәсіпкер қандасымыз: Мұқтаж жандарға бейжай қарамаймын

Ақыт Ибатұлы – алғаш ел тәуелсіздігін алып, алыстағы ағайынға атажұрт есігін айқара ашқан уақытта Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан көшіп келген қандасымыз. Мұхаметжан Тынышбаев атындағы Көлік...

Абай шығармалары қытай тіліне аударылды

Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдері қытай тіліне аударылды. Аударған - Қытай Халық Республикасында тұратын қандасымыз, жазушы, аудармашы, қоғам...

Азаматтығы жоқ, баспанасы жоқ көп балалы ана қайтіп күн көрер?

Өзбекстаннан келген қандасымыз Наргиз Ташкенбаева төрт баланың анасы, жұмыссыз, балаларға арналған әлеуметтік жәрдемақыны да ала алмай жүр. Наргиз Ташкенбаева – 1981 жылы Өзбекстанда туған. Қазақстанға...

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдады, – деп хабарлайды akorda.kz. 

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы ықпалдастықты, COVID-19 індетінің таралуын болдырмау жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев тығыз саяси диалогқа және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастыққа негізделген қазақ-қытай қатынастарының даму қарқыны мен достық байланыстарды жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы экономиканың түрлі салаларындағы инвестициялық жобаларды, соның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы жобаларды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.

«Қазақстандық өнім өндірушілердің ауыл шаруашылығы бойынша Қытайға экспорттайтын өнімдерінің, атап айтқанда дәнді және майлы дақылдардың номенклатурасы үлкен». Президент жан-жақты стратегиялық серіктестікке қосымша серпін беру мақсатымен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді Қазақстанға сапармен келуге шақырғанын нақтылады. Ван И өз кезегінде Қытай басшысының жылы лебізі мен ауызша сәлемдемесін жеткізді.

Си Цзиньпиннің айтуынша: «Қазақстан – аймақтағы маңызды стратегиялық серіктес және Қытай екі ел халықтарының игілігі жолында өзара ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға әзір».

Қытай дипломаты «ҚХР басшылығы ҚР Президенті жариялаған Қазақстан қоғамының қажеттіліктерін ескере отырып, саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуларға бағытталған реформаларды құптайды» деді.

Сонымен қатар Ван И ҚХР-дің екіжақты күн тәртібінің маңызды бөлігі болып табылатын Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге зор көңіл бөлетінін атап өтті. Осы орайда Ван И Қазақстан делегациясын Қытайда өтетін ЭКСПО Халықаралық импорт көрмесіне қатысуға шақырды. Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық өзекті мәселелер бойынша, атап айтқанда коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық жөнінде де пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Қытай тарапына уақытылы көрсетілген гуманитарлық және медициналық көмек үшін алғыс білдіріп, пандемияға қарсы күресте бірлескен шара қолдануға әзір екенін айтты.

Кездесу соңында тараптар ұзақ мерзімді жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
Бермуд үштағаны

100 жыл бұрын Бермуд үштағанында жоғалып кеткен кеме табылды

Зерттеушілер мен теңіз археологтарының тобы 100 жыл бұрын Бермуд үштағанында жұмбақ күйде...
Кәсіпкер

Кәсіпкер қандасымыз: Мұқтаж жандарға бейжай қарамаймын

Ақыт Ибатұлы – алғаш ел тәуелсіздігін алып, алыстағы ағайынға атажұрт есігін айқара...

Абай шығармалары қытай тіліне аударылды

Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдері қытай...

Шынар КЕНДІН: Маңғыстаумен мақтанамын!

https://youtu.be/IqsBbA-xlCM Видео авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ
көп балалы ана

Азаматтығы жоқ, баспанасы жоқ көп балалы ана қайтіп күн көрер?

Өзбекстаннан келген қандасымыз Наргиз Ташкенбаева төрт баланың анасы, жұмыссыз, балаларға арналған әлеуметтік...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...