Дзюдодан Азия чемпионаты қараша айында өтуі мүмкін
    
        12 қыркүйек, 2020 /
        Асыл ТҰМАР
    
    
            
    
    
    
                                    Дзюдодан Азия чемпионаты қараша айында өтуі мүмкін
                        
                                    2020 жылы дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты қараша айында өтуі мүмкін, – деп хабарлады ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті.
Азия дзюдо одағының мәліметінше, құрлықтық біріншілікті өткізу орны ретінде Моңғолия астанасы Улан-Батор таңдалды.
Айта кету керек, Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес, чемпионат 2020 жылдың 18-20 сәуіріне жоспарланған. Турнир коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылған еді.