Қоғамдық бақылау жүргізетін ұйымдардың тізімін кеңейту керек – министр
Қоғамдық бақылау жүргізетін ұйымдардың тізімін кеңейту керек – министр
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қоғамдық бақылау жүргізетін ұйымдардың тізімін кеңейту керегін айтты.
«Пандемия кезінде қоғамдық бақылау институтының қаншалықты маңызды екеніне көзіміз жетті. Қазіргі таңда қоғамдық бақылау функциясына қоғамдық кеңестер ие. Алайда уақыттың өзі бұл функцияға ие ұйымдардың тізімін кеңейту керегін көрсетіп отыр. Себебі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қоғамдық бақылау функциясын міндетіне алған белсенділердің жұмысының үйлестірушісі болды. Дәріханадардағы дәрі-дәрмек бағасының ала-құлалығы, гуманитарлық көмекті бөлу мәселесі, медициналық ұйымдардың жұмысына қатысты қаншама мәселе туындағанын білесіздер. Міне осы ретте біз белсенділерге қолдау білдірдік. Белсенді азаматтар дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығы, гуманитарлық көмекті бөлу, медициналық ұйымдардың жұмысы секілді үш мәселені назарға алған еді. Қоғамдық бақылаудың арқасында осы бағыттағы жұмысты тұрақтандыруға мүмкіндік алдық», – деді Аида Балаева Президенттік кадрлық резервтегі жастармен кездесу барысында.