Сенбі-жексенбідегі карантин шектеулері қашан алынады – ДСМ

Сенбі-жексенбідегі карантин шектеулері қашан алынады – ДСМ

Сенбі-жексенбідегі карантин шектеулері қашан алынады – ДСМ
ашық дереккөзі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов демалыс күнгі карантиндік шектеулер қашан алынатынын түсіндірді. «Шектеулердің алынуы қазіргі эпидемиялық жағдайға байланысты. Қазір ауруханаларда 4 600 адам емделіп жатыр. Егер науқастар саны төмендесе, сенбі-жексенбідегі шектеулер алынады. Бірақ, бұл көрсеткіштер өсетін болса, сенбі-жексенбідегі шектеулер басқа күндерге де созылуы мүмкін», – деп жауап берді ресми өкіл. Сонымен бірге, Б.Қожахметов елімізде қандай жағдайда карантин басталатынын айтып берді. «Егер де Қазақстанда бір тәулікте барлық инфекциялық ауруханаларда 30 мың науқас тіркелсе, сол күні арнайы комиссия шешім қабылдап, Қазақстанда локдаун немесе карантин енгізеді», – деді Бағдат Қожахметов.