Алматы емханаларында тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды

Алматы емханаларында тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды

Алматы емханаларында тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды
ашық дереккөзі
400 мыңнан астам алматылық тұмауға қарсы вакцинаны ақысыз алатын болады. Олардың ішінде 65 жастан асқан адамдар саны – 264 мың, созылмалы ауруы бар тұрғындар – 125 мың, 22 мың бала, 9 мың медицина қызметкері, 7 мыңнан астам жүкті әйел бар. Вакцинация 15 қарашада аяқталады, осы уақыт аралығында алматылықтар емханаға учаскелік дәрігеріне барып, алдын ала жазылу арқылы вакцина ала алады. Учаскелік медбикелер қауіп тобындағы тұрғындарға телефон арқылы хабарласып, шақырады. «Вакцинация алдында учаскелік дәрігердің міндеті – келген тұрғынның денсаулығын, респираторлық ауру белгілерін және COVID-19 вирусымен ауырған науқаспен байланысы болғанын немесе болмағанын, температураның қалыпты болуын тексереді. 10 қыркүйекте вакцинация 185 адамға жасалды, оның ішінде 60 жастан асқан қарт адамдар саны – 40, 100 медицина қызметкері, 25 созылмалы аурулары бар бала мен 20 ересек азамат бар. Бірінші күні вакцинаны медицина қызметкерлеріне салуға тырыстық», – деді №11 қалалық емхананың дәрігер-эпидемиологы Камбар Қайратбек. Тұмауға қарсы вакцина ауруға қарсы иммунитетті қалыптастыруға және асқынулардың алдын алуға ықпал етеді. Вакцина егілгеннен кейін дәрігерлер стандартты сақтық шараларын сақтауға кеңес береді. Яғни, ине салған орынды жарақаттап алмауға, ұйқы режимін сақтауға, аллергиялық реакция тудыруы мүмкін тағамдарды пайдалануға болмайды. «Вакцина жеткілікті мөлшерде сатып алынды. Учаскелік медбикелер тұрғындарды вакцина алуға кесте бойынша шақырады. Вакцинация басталғанға дейін эпидемиологиялық қызмет емхананың учаскелік қызметімен бірлесіп, ақысыз екпе жасау үшін тәуекел тобының тізімін жасады. Олардың қатарында созылмалы ауруы бар балалар саны – 833, ересектер–1999, медицина қызметкерлері – 332, жүкті әйелдер – 152, жабық типтегі мекемелердің медициналық қызметкерлері (балалар үйі, мектеп интернаты, балаларға/мүгедектерге арналған мектеп-интернаттары) – 11 адам, қарттар мен мүгедектер үйлерінің контингенті – 2, 60 жастан асқан қарттардан – 2012 адам», – деді Камар Қайратбек.