Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі қызметі тағайындалды

ҚР Президентінің Жарлығымен Юрий Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

«Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалсын», – делінген Жарлық мәтінінде.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі құрылған болатын.

Бүгін Ақорда Юрий Викторович Ильиннің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылғанын хабарлады.

Back to top button