Оңтүстік Кореяда электронды маска шықты

Оңтүстік Кореяда электронды маска шықты

Оңтүстік Кореяда электронды маска шықты
ашық дереккөзі
Ақылды бетперденің өзгелерден ерекшелігі – ауа тазартқышын ауыстырып отыруға болады. Батарея орнатылған фильтр адам терісін тітіркендірмейді. Әрі көзілдірік тағатындарға ыңғайлы. Яғни адамның тыныс алуы жеңілдеп, көзілдірігі терлемейді. Инновациялық масканы күніне 8 сағат қуаттандырмай тағуға мүмкіндік бар. Ал ультракүлгін сәулесі бар қапшығы вирусты жоя алады екен. Өндіруші компания ақылды маска жақын арада сатылымға шығатынын айтып отыр.