Бірқатар жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі өзгерді

Сондай-ақ!

12 миллион теңге тұратын медицина құрылғыларын елден заңсыз алып кетпек болған

Батыс Қазақстан облысында құны 12 миллион теңгені құрайтын 800 дана пульсоксиметр құрылғысын елден заңсыз түрде әкетпек болған ер адам ұсталды. Бұл туралы «Хабар 24»...

Жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсалмақ

Өскемен қаласының әкімдігі жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсамақ. Бұл туралы Өскемен қаласы әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланады.  Әкімдіктің мәлімдеуінше, 2019 жылы жаңажылдық безендіру...

Әйгілі Discover Earth парақшасында Бозжыра шатқалының суреті жарияланды

Дүниежүзі бойынша табиғаты көз тартар жерлер жарияланатын Discover Earth-тың Instagram желісіндегі парақшасында Маңғыстау облысында орналасқан Бозжыра шатқалының суреті жүктелген. 4 миллионға жуық жазылушы тіркелген парақшада...

Кондолиза Райс Елбасын Джордж Вашингтонмен салыстырды

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік мемлекеттер басшыларынан, экс-президенттерден, бұрынғы үкімет басшылары мен саяси қайраткерлерден, алыс-жақын шет елдердің...

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше,  жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты бірқатар пойыздың қозғалыс кестесі өзгерді. 

Атап айтқанда:

  • №67/68 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Өскемен-1» бағытындағы жолаушылар пойызы 4 күнде 1 реттен күн аралыққа жүру жиілігі 15 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан Нұрлы жолдан қысқарса, Өскеменнен келуі/жөнелтілуі 16 қыркүйектен бастап қысқарады, ал Нұр-Сұлтан Нұрлы жолға келуі 17 қыркүйектен бастап жүру жиілігі күн аралыққа қысқарады;
  • №4/3 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-2» бағытындағы күн аралық сайын қатынайтын пойыз Нұр-Сұлтан Нұрлы жолдан 13 қыркүйектен бастап тақ сан бойынша жөнелтілсе, Алматыдан келу/жөнелтілуі 14 қыркүйектен бастап жұп сан бойынша, Нұр-Сұлтан Нұрлы жолға келуі 15 қыркүйектен бастап тақ сан бойынша ұзартылады;
  • №25/26 «Алматы-2 – Шымкент» бағытындағы күн аралық сайын қатынайтын пойыз қайта жанданып, Алматыдан 14 қыркүйектен жұп сан бойынша жөнелтілсе, Шымкенттен келуі/жөнелтілуі 15 қыркүйектен тақ сан бойынша, Алматыға 16 қыркүйектен жұп сан бойынша келеді.

Сонымен қатар,тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың жолаушылар пойыздарының жүруі уақытша тоқтатылады:

  • №656/655 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Айсары» Нұр-Сұлтан Нұрлы жол мен Айсарадан 2 қазаннан бастап жөнелтіледі;
  • №353-903-108/107-902-354 пойыздар құрамындағы қатынайтын жолда тоқтамайтын реттік вагон №26/27 «Павлодар-Жезқазған», Павлодардан 2 қазаннан бастап жөнелтілсе, Жезқазғаннан 4 қазаннан бастап жөнелтілетін болады;
  • №339-56/55-902-354 пойыздар құрамында қатынайтын жлолда тоқтамайтын реттік вагон №25 «Павлодар-Қызылорда», Павлодардан 1 қазаннан бастап жөнелтілсе, Қызылордадан 3 қазаннан бастап жөнелтіледі;
  • №22-6941/6942-21 пойыздар құрамдарында қатынайтын жолда тоқтамайтын реттік вагон №30/32 «Алматы-1-Достық», Алматыдан 2 қазаннан бастап жөнелтілсе, Достықтан 3 қазаннан бастап жөнелтіледі;
  • №86/85 пойыздың құрамындағы №25/26 «Қарағанды-Сарыағаш» тіркемелі реттік вагондар, Қарағандыдан 1 қазаннан бастап жөнелтілсе, Сарыағаштан 2 маусымнан бастап жөнелтілді;
  • №673-86/85-674 пойыздарының құрамындағы №21/22 «Павлодар-Сарыағаш» тіркелмелі реттік вагондар, 1 қазаннан бастап Павлодардан жөнелтілсе, 3 қазаннан бастап Сарыағаштан жөнелтіледі.

Бұл пойыздарға бұрын жол жүру билеттерін ресімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтаруды ресімдей алады және ақшалай қаражатты ұстап қалусыз толық көлемде ала алады. Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша білуге болады.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Әшімбаев: Оралмандар мемлекет есебінен күн көргісі келеді

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтің пікірінше орыстардың Қазақстаннан үдере көшуі жақсы үрдіс емес. Сарапшының stanradar.com сайтына...

12 миллион теңге тұратын медицина құрылғыларын елден заңсыз алып кетпек болған

Батыс Қазақстан облысында құны 12 миллион теңгені құрайтын 800 дана пульсоксиметр құрылғысын...

Жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсалмақ

Өскемен қаласының әкімдігі жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсамақ. Бұл туралы Өскемен...

Әйгілі Discover Earth парақшасында Бозжыра шатқалының суреті жарияланды

Дүниежүзі бойынша табиғаты көз тартар жерлер жарияланатын Discover Earth-тың Instagram желісіндегі парақшасында...

Кондолиза Райс Елбасын Джордж Вашингтонмен салыстырды

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...