"Ел қауіпсіздігіне қатер төндіреді": АҚШ билігі Қытай студенттерінің визасын қайтарып алды

"Ел қауіпсіздігіне қатер төндіреді": АҚШ билігі Қытай студенттерінің визасын қайтарып алды

"Ел қауіпсіздігіне қатер төндіреді": АҚШ билігі Қытай студенттерінің визасын қайтарып алды
ашық дереккөзі
АҚШ-та мыңнан аса қытайлықтың визасына шектеу қойылды. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті хабарлады. Департамент мәліметінше, мемлекет Қытайдан келіп білім алып жатқан мыңнан астам студент пен магистранттың визасын қайтарып алған. Ел билігі бұл қадамын қытайлықтар тарапынан мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне қатер төну қаупімен түсіндірді.  Сондай-ақ, осы шара арқылы маңызды деректерді ұрлауға жол берілмейтіндігін алға тартып отыр. Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ билігі сауда соғысында Қытайға кезекті соққы жасауға дайындалып жатқанын хабарлағанбыз. The New York Times-тың жазуынша, АҚШ-қа Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданынан немесе жалпы Қытайдан импортталатын мақта өнімдеріне тыйым салынуы мүмкін. Тағы бір дерек бойынша, шектеу Қытай өнімдерін пайдаланатын шетелдік киім өндірушілердің барлығын қамтуы ғажап емес.