ОҚО-да «Болашақ» бағдарламасы бойынша 1 мыңға жуық студент шетелде білім алған

ОҚО-да «Болашақ» бағдарламасы бойынша 1 мыңға жуық студент шетелде білім алған

ОҚО-да «Болашақ» бағдарламасы бойынша 1 мыңға жуық студент шетелде білім алған
ашық дереккөзі
Оңтүстік Қазақстанда «Болашақ» халықаралық стипендиясы құрылған 23 жылда 1 мыңға жуық ізденуші жоғары оқу орындарындағы білімін шетелдерде жалғастырған.  Өткен жылдың өзінде өңірімізден 6 жас шетелде білім алу грантына ие болса, жалпы, аталған бағдарламамен білім алып жатқан жастар саны 68-ді құрайды.  Шекара асып, білім қуған жастарымыздың біразы аймағымыздың өркендеуі үшін қызмет етуде. Оңтүстікқазақстандық 183 азамат бүгінгі таңда облыстағы түрлі мекемелерде жұмыс істеп жатса, соның 12-сі мемлекеттік қызметтерде басшылық лауазымында.  Еске саламыз, «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау биыл да жалғасады. Үщ кезең бойынша (11 сәуір-13 мамыр, 13 маусым-29 шілде, 15 тамыз - 15 қыркүйек) жүргізілетін қабылдауға өз бетімен, мемлекеттік қызметкер ретінде, ғылыми-педагог қызметкер ретінде, мәдениет және шығармашылық қызметкерлері, БАҚ қызметкерлері немесе инженерлік-техникалық қызметкерлер санатында қатысуға болады. Ал құжаттарды 3 жолмен - «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, «E-gov» электронды үкіметі және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тапсыруға болады. Құжаттарды тапсыру талаптарын «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ныңwww.bolashak.gov.kz ресми сайтынан алуға болады.  Айта кету керек, облысымыздағы 12 жоғары оқу орнында 67 мың, 90 кәсіптік-техникалық колледждерде 70 мыңнан аса, 1022 жалпы мектепте 590 мыңға жуық оқушы білім алады.