Ақтөбе облысында Корея технологиясы бойынша медициналық кластер құрылады
Ақтөбе облысында Корея технологиясы бойынша медициналық кластер құрылады
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев танысу мақсатында Кореяға сапар шекті.
Оңтүстік Кореяның іскер дәне мәдени орталығы Сеул қаласында Бердібек Сапарбаев Ёнсе Университетінің президенті Ким Енг Хак мырзамен кездесті.
1885 жылы негізі қаланған беделді оқу орны елдегі үздік үштікке енген.
Тараптар Корея Республикасының жетекші медициналық және ғылыми орталықтарымен тиімді серіктестік байланыс орнату және дамыту мүмкіндіктерін, соның ішінде бірлескен ғылым және тәжірибедегі денсаулық сақтау бағдарламаларын әзірлеу мүмкіндіктерін де талқылады.
Бердібек Сапарбаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен өңірде ана мен бала өлімін екі есе азайтып, тұрғындар өмірін 72 жасқа дейін жоғарылату бойынша шаралар қолға алынып жатқанын жеткізді. Ақтөбе облысында перинаталды орталық пен көпсалалы ауруханалар жанынан 15 босану бөлімшелері жұмыс істейді. Облыс бойынша жылына 20 мың сәби дүниеге келеді. Соңғы он жылда бала туу саны 23 пайызға артты.
2008 жылы заманауи перинаталды технологияларды енгізу арқылы соңғы бес жыл бойынша ана өлімі көрсеткішін алты есеге, бала өлімін 33%-ға азайту мүмкін болды.
- Ана мен бала денсаулығын сақтау секілді аспектілер бойынша жағдайды жақсарту үшін резерв бар. Биыл Корея республикасынан алған тәжірибені толықтай жүзеге асырамыз деп сенеміз. Сіздің елдің денсаулық сақтау саласындағы реформалар ана мен бала өлімін азайтуға және тек Азия өңірінде емес, бүкіл әлем бойынша көшбасшы позицияда көрінулеріңізге ықпал етті, - деп атап өтті облыс басшысы кездесу барысында.
Көпшілік мойындағандай, Оңтүстік Кореядағы денсаулық сақтау саласы - информатика мен биотехнологиядағы соңғы жетістіктерді қолданып отырған медициналық қызметтердің ең жоғарғы деңгейі. Емханалары алдыңғы қатарлы жабдықтар және заманауи техникамен қамтамасыз етілген, бұл өз кезегінде медициналық қызметтердің әлемдік стандартқа сай болуына ықпал етеді. Ауруханаларды аккредитациялау және қатаң бағалау арқылы Үкімет тарапынан бақыланып отыратын Кореядағы медициналық қызметтің сапасына күмән клетіруге болмайы. Корея мамандары халықаралық медициналық қауымдастықта жоғары бағаланады.
Кездесу барысында бірлесе отырып денсаулық сақтау саласының өкілдеріне шеберлік дәрістері мен семинарлар өткізіп, дәрігерлер мен медбикелерді денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша оқыту туралы келісмге қол жеткізілді.
- Кореяның жетекші медциналық және ғылыми орталықтарымен тиімді серіктестік байланыстар орнату және дамыту арқылы денсаулық сақтау саласында бірлесе отырып, ғылыми және тәжірибелік бағдарламалар әзірлеуге болады. Халықаралық стандарттарға сай, бірлесіп шеберлік дәрістері мен семинарлар өткізу, дәрігерлер мен медбикелерді денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері бойынша оқыту екі елдің іскерлік және гуманитарлық байланысты дамытуға септігін тигізеді, - деді өңір басшысы.