Жаңалықтар

Ертең Алматының бірнеше көшесі жабылады

Ертең Алматының бірнеше көшесі жабылады

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Алматының бірнеше көшесі жөндеуге жабылады.

«11 қыркүйек күні таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін Мәметова көшесінің бойы, атап айтқанда Нүсіпбеков пен Пушкин көшелерінің аралығы жабылады. Тұрғындардан қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, аталған учаскелерді айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұраймыз», – деп хабарлады Алматы қаласының мобильділік басқармасы. Сонымен қатар, 10 қыркүйек күні кешкі сағат 19: 00-ге дейін Мұқанов көшесінің бойымен Қарасай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралық жөндеуге байланысты жабылады.