Ертең Алматының бірнеше көшесі жабылады

Ертең Алматының бірнеше көшесі жабылады

Ертең Алматының бірнеше көшесі жабылады
ашық дереккөзі
Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Алматының бірнеше көшесі жөндеуге жабылады. «11 қыркүйек күні таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін Мәметова көшесінің бойы, атап айтқанда Нүсіпбеков пен Пушкин көшелерінің аралығы жабылады. Тұрғындардан қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, аталған учаскелерді айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұраймыз», – деп хабарлады Алматы қаласының мобильділік басқармасы. Сонымен қатар, 10 қыркүйек күні кешкі сағат 19: 00-ге дейін Мұқанов көшесінің бойымен Қарасай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралық жөндеуге байланысты жабылады.