Коронавирустың жаңа толқыны: Республика бойынша 70 мыңнан аса төсек-орын дайындалады

Коронавирустың жаңа толқыны: Республика бойынша 70 мыңнан аса төсек-орын дайындалады

Коронавирустың жаңа толқыны: Республика бойынша 70 мыңнан аса төсек-орын дайындалады
ашық дереккөзі
Еуропада, Түркия мен Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтыру көрсеткіштері өсті. ТМД елдерінде індетке шалдығу өсімі 0,5 пайызды құрап отыр. Бұл Қазақстандағы көрсеткіштен бес есе артық. Осындай жағдайларды ескере отырып еліміз коронавирустың екінші толқынына дайындықты күшейтті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. "Республика бойынша ауруханаларда 71 126 төсек-орын жасақталады деген жоспар бар. Дәл қазір 10 257 төсек-орын бар. Ал жүктеме небәрі 15 процент. Бұл – коронавирус пен оған ұқсас пневмониядан емделіп жатқан пациенттер", - деді министр. Алексей Цой елімізде 13 модульді инфекциялық аурухана салынатынын жеткізді. Сондай-ақ, емханалардың жанында 3 640 мобильді топ жұмыс істейді. Стационарларға 5 998 жасанды тыныс алу аппараттары жеткізіледі. Сондай-ақ, 21 566 төсек орынның жанында оттегі аппараттары тұрады. Бұдан бөлек, ауылдарға 100 жылжымалы медициналық кешен мен 53 ренген аппараты жеткізіледі. Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 86 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 106 584-ке жетті. Індеттен 1634 отандасымыз қайтыс болды. 100 мыңнан астам адам емделіп шықты.