Жастарды қолдау жаңаша бағыт алмақ

Жастарды қолдау жаңаша бағыт алмақ

Жастарды қолдау жаңаша бағыт алмақ
ашық дереккөзі
Елімізде жастар үшін атқарылып жатқан ірі жобалар мен бағдарламалар – жарқын болашағымыз үшін жасалып жатқан игілік. Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, жас отбасыларға қолдау көрсету, жұмыспен қамту, сапалы білім мәселесі жыл сайын мемлекет назарынан тыс қалған емес. Былтыр «Жастар жылы», биыл «Еріктілер жылы» деп аталуы осыны айғақтайды. Жастардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бесжылдық «Жастар – Отанға!» бағдарламасының қабылдануы жастарды ортақ мақсат төңірегінде топтастырады. Жастардың игілігіне жасалып жатқан істер аз емес, әлі де жалғасатыны анық. Осы орайда Халықаралық Túrkistan газеті жастардың пікірін тыңдаған еді.  width= Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ, Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы, «Jas Otan» ЖҚ Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы:

Жастар саясатының жаңа кезеңі келді

–  «Жастар жылы» мен «Еріктілер жылы» арнайы Жарлықпен бекітіліп, мемлекет тарапынан ел жастарына айрықша көңіл бөлінген соңғы екі жылда отандық жастар саясаты жаңа кезеңге қадам басты. Бұл жастардың бүгіні мен болашағына қатысты барлық қолдау шараларын жандандырған мемлекеттік саясаттың жемісі деп айтуға толық негіз бар. Жастарды қолдау – мемлекеттік сая­сат­тың маңызды бір тармағы. Жастардың сапалы білім алып, спортпен, өнермен шұғыл­данып, кәсіби маман атанып, мүм­кіндіктерді мүлт жібермеуге дағдылануы жоспарлы жұ­мыстардың сапалы жүзеге асуы­на тікелей әсер етеді. Себебі елдің ертеңгі тіз­гінін ұстай­тын жастарға артылар міндет ау­қымды, жүк­телетін жұмыс жеткілікті. Мен отандық жастар саясатының даму ба­рысын жоғары бағалаймын. Елбасы сая­сатының негізінде ел жастарының елдегі оқу ордаларымен қатар, шетелдік оқу орындарында білім алуына жағдай жасалды. Бұл – кемел келешек үшін аса маңызды шешім. Бү­гінде Тәуелсіз Қазақстан сол шешімнің нә­тижесін анық сезінді. Оған дәлел ретінде «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелде оқып, білімі мен тәжірибесін ел дамуына арнап жатқан жастардың жүйелі жұмыс­тарын айтуға болады. Сондай-ақ білімде, спорт, өнерде биік белестерді бағындырған жастарды ынталандыру бағытындағы жұ­мыс­тардың ауқымы өте зор. Бұл жұмыстар қа­зіргі таңда облыстық, қалалық, аудандық деңгейде де ұйымдастырылуда. Жыл сайын қазақстандық жастарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы тағайындалып келеді. Мұ­ның бәрі жастарды жақсы істерге бағыттап, жетіс­тіктерге жетуіне негіз болады. Мемлекет те, қоғам да ізденісті серік еткен жастарға зор мүмкіндік беріп жатқанын баса айтқым келеді. Азат елдің озат ойлы жас­тары сол мүмкіндікті тиімді пайдаланып, жақ­сы істерге ұмтылса, алынбайтын асу, ба­ғынбайтын белес болмайды.  width= Нұрлан ӨТЕШЕВ, Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:

Жастарды қолдау шаралары ауқымды

– Жастар саясаты – бұл серпінді өзгеретін үрдістер, проблемалық мәселелер саласы. Елімізде  мемлекеттік жастар саясатын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Оның айқын дәлелі – жастарды тұрғын үймен, жұмыспен, сапалы және қолжетімді біліммен қамтамасыз ету бойынша іске асырылып жатқан жобалар мен бағдарламалар. Өткен жылы «Жастар жылы» деп жарияланып, бүкіл ел бойынша 300-ден астам республикалық іс-шаралар жүзеге асырылды. Бұл шаралармен 2 миллионнан астам жас қам­тылған. «Жастар жылы» жастар саясаты шеңберінде одан ары жүйелі шараларды әзірлеуге серпін берді. Атап айтар болсақ, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мамандарға бір­жолғы жәрдемақы 70-тен 100 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Жас ғалымдардың іргелі және қолдан­балы зерттеулерін гранттық қаржыландыру 2020 жылдан бастап 3 жыл ішінде жыл сайын 3 млрд теңгеге артты. «Әлеуметтік студенттік кредиттер» жүйе­сін енгізу арқылы волонтерлік қызметпен ай­налысатын жоғары оқу орындары сту­денттерінің шәкіртақысы 30 пайызға артты. Ал «Жас маман» жобасы оқу орындарын қа­жетті жабдықтармен жарақтандыру және шет­елдік әріптестерді тарта отырып, білікті ма­мандар даярлаудың халықаралық тәжіри­бесін енгізу арқылы 180 колледж бен 20 жо­ғары оқу орнын 100 сұранысқа ие маман­дық бойынша жаңғыртуды көздейді. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар үш қалада жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұр­ғын­жай беру бағдарламасы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта жастар жылы аяқталған­нан кейін жұмыс одан да күшейіп, жоғары мақсаттар белгіленді. 2025 жылға дейінгі жас­тарды қолдау шаралары бойынша кешенді жоспар әзірленді. Сонымен қатар мем­лекет­тік жастар саясаты саласындағы заң­наманы жетілдіру бойынша, атап айтқанда, «Мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойын­ша кейбір заңнамалық актілерге өз­герістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Тұжырымдаманы қабылдау бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ креативті және шығармашыл жастар үшін бірыңғай алаңға айналатын QazExpoCongress павильонының базасында ArtHub құру бойын­ша шаралар қабылдануда. Бүгінгі таңда жастар саясаты саласындағы халықаралық тәжірибеге белсенді мониторинг жүргізіліп жатыр. Дамыған елдерден алынған тәжірибені табысты қолдану үшін жастар саясаты саласында әрбір ұлттың, мә­дениеттің өз ерекшеліктері бар екенін ескере отырып, жергілікті жастар саясатының да, халықаралық саясаттың да негіздерін мұқият зерделеп, талдау қажет. Жастарға қатысты басымдықтарды ай­қын­дау, кешенді мемлекеттік саясатты қа­лыптастыру және іске асыру – мемлекеттің жастар саясатының басым бағыты. Пандемия жағ­дайында мемлекеттік жастар саясатын да­мыту бойынша кең ауқымды жұмыс жүр­гізілді. Әсіресе, мұқтаж және көмекке зәру жан­дарға жастар тарапынан көрсетілген кө­мек пен қайырымдылық шаралары ел есін­де сақталып қалды.