Ералы Тоғжанов: Оқушылардың білімі маңызды, бірақ денсаулығы басты назарда

Ералы Тоғжанов: Оқушылардың білімі маңызды, бірақ денсаулығы басты назарда

Ералы Тоғжанов: Оқушылардың білімі маңызды, бірақ денсаулығы басты назарда
ашық дереккөзі
Қашықтан оқыту – балалар мен ұстаздардың денсаулығын сақтау мақсатында қабылданған шешім. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.  «Сөз жоқ, балалардың білімі өте маңызды. Дегенмен, олардың денсаулығы басты назарда әрі басты мақсат. Бұл бағыт Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей назарында тұр», - деді вице-премьер. Ералы Тоғжановтың еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың оңалғанын алға тартып, індетпен күресте қабылданған шешімдердің ақталғанын айтты. «Бүгінде тәуліктік өсім 0,1 пайызды құрап отыр. Бүгін COVID-19 жұқтырудың 86 жағдайы тіркелді. Осы жылдың 5 шілдесінен бастап науқастарды жататын орынмен қамтамасыз ету қажеттілігі 6 есеге, КВИ мәселелері бойынша жедел медициналық көмек шақырулары 5,5 есеге азайды. Науқастардың 99 пайызы сауығып, аман-есен отбасына оралды. Бұл COVID-19-бен күресудің дұрыс жолы таңдалғанын және оның нақты нәтижесін көрсетеді», - деді Үкімет басшысының орынбасары. Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова қашықтан оқыту форматының тиімділігіне күдік келтіріп, премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдаған болатын. Депутаттың айтуынша, қашықтан оқыту салдарынан білімнің сапасы төмендеді. Балалардың техникалық мүмкіндігі бірдей емес. Содан білім алу жағынан теңсіздік анық байқалған. Ата-аналар болса, жұмыс істеудің орнына балалардың жанында отыруға мәжбүр.