«Брекситтен» кейінгі келіссөздер: Еуроодақ Лондонды ымыраға келуге шақырды

«Брекситтен» кейінгі келіссөздер: Еуроодақ Лондонды ымыраға келуге шақырды

«Брекситтен» кейінгі келіссөздер: Еуроодақ Лондонды ымыраға келуге шақырды
ашық дереккөзі
Еуропарламент «Брекситтен» кейін Еуроодақ пен Ұлыбритания арасындағы келіссөздердің сегізінші кезеңінің өтуіне алаңдаулы. Алдағы уақытта тараптар арасындағы сауданың барлық шарттары бойынша бір мәмілеге келуге бір ай уақыт қалды. Еуроодақ басшылығы Ұлыбританияны ымыраға келуге шақырып отыр. Тараптар арасында шешімін таппаған мәселелер жетерлік. Атап айтқанда, балық аулауды реттеуге байланысты түйткілдер және Ұлыбритания құрамындағы Солтүстік Ирландия мәселесінің түйіні тарқатылмаған. «Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу келісімін жүзеге асыруда өзара сенімнің болуы маңызды. Лондон былтыр қол қойылған міндеттемелерін орындайды деп сенеміз. Әсіресе Солтүстік Ирландия азаматтарының құқықтарына байланысты мәселе», - дейді Еуропарламент президенті Давид Сассоли. Еске сала кетейік, Ұлыбритания мен Еуроодақ 2020 жылдың 15 қазанына дейін, яғни Еуропа Кеңесінің отырысына дейін Brexit бойынша сауда келісіміне қол жеткізуі тиіс. Олай болмаған жағдайда келісім бекітілмейді және тараптар арасындағы сауда-саттықтың болашағы бұлыңғыр болмақ.