Сафар Шәкеевтің денесі "Есентайдан" табылды

Сафар Шәкеевтің денесі "Есентайдан" табылды

Сафар Шәкеевтің денесі "Есентайдан" табылды
ашық дереккөзі
Бүгін Алматыда Есентай өзенінде, Тимириязев көшесінің төменгі жағында белгісіз адамның мүрдесі табылғандығы туралы ақпарат тараған болатын. Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, оқиға орнында полиция қызметкерлері, құтқарушылар және сүңгуірлер жұмыс істеуде. "Суға батып кеткен адамның аты-жөні анықталуда" деген еді. Ал қазір Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек өзеннен табылған жігіттің Сафар Шәкеев екенін растады. Бұған дейін танымал композитор Еркеш Шәкеевтің ұлын іздестіру жұмыстарына күш құрылымдары да жұмылдырылған болатын. Тіпті, тікұшақпен де іздеу шаралары қолға алынғаны белгілі. Алайда, 16 шілдеден бері жоғалып кеткен Сафар Шәкеевтың денесі бүгін Есентай өзенінен табылып отыр.