Жаңалықтар

«Nur Otan» ұсынған жобалар нағыз халықтық бағдарлама болмақ – Ерлан Саиров

ашық дереккөзі

«Nur Otan» ұсынған жобалар нағыз халықтық бағдарлама болмақ – Ерлан Саиров

Праймериздің үгіт-насихат кезеңінің басталуына орай «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасын ұсынды.  Алдағы 5 жылда жүзеге асырылатын бағдарламада ел дамуына тың серпін беретін 216 жоба бар. Жобалар республикамыздың әр өңіріндегі шешімін күткен ең күрделі мәселелерді қамтып, оларды шешу жолдарын көрсетуімен өзекті. Нақты ұсыныстар, көкейге қонымды істер айтылған. Нұротандықтар бағдарламаны ел талқысына ұсынып, Қазақстанның әр азаматын жобаға үн қосуға шақырып отыр. Демек, бағдарлама әлі де толығып, жетіле түспек. 

 Елордада жыл сайын 10 мың отбасы қоныстой тойлайды

 Бағдарлама аясында партиялықтар Нұр-Сұлтан тұрғындарының өмір сапасын жақсартудың бірнеше бағытын көрсеткен. Мәселен, елордадағы тұрғын үй мәселесін шешу үшін 2021 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын 10 мың пәтер тапсыру жоспарланған. Салыстыру үшін айтар болсақ, биыл бас қалада 8 мың пәтер пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, «Nur Otan» партиясы 2023 жылға дейін құрылысы ұзаққа созылған нысандар мәселесін толық шешуге уәде беріп отыр. Сондай-ақ индустрияландыру шеңберінде облыстың 55 кәсіпорнының жабдықтарын жаңарту, жергілікті өнімді басқа өңірлер мен елдерде белсенді тарату, ферроқорытпалар, рельстер, химиялық өнімдер мен тамақ өнімдері экспортын 6%-ға ұлғайту жоспарлануда. Бұл шаралар өңдеу өнеркәсібінің облыс экономикасындағы көлемін 10 %-дан 18%-ға көтеруге мүмкіндік береді. Ал Солтүстік Қазақстан облысында жол инфрақұрылымын жақсартуға айрықша ден қойылмақ. 2021 жылы облыстық және аудандық автожолдардың кемінде бес жүз шақырымын жөндеу ұсынылып отыр.

Қостанайлықтар cапалы ауызсумен 100 пайыз қамтылады

2025 жылға дейін партия Қостанай облысы халқын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешіп бермек. Ол үшін 300-ден аса адам тұратын ауылдарда орталықтандырылған су құбыры тартылады, 200-ден 300-ге дейін немесе одан да көбірек тұрғын болса, олардың келісімімен су тазарту және тарату нүктесі салынады. 200 адамға дейін халық тұратын ауыз суы сапалы құдықтары мен ұңғылары жоқ шағынауылдарда сумен қамтамасыз етілген шаққа дейін қажеттеріне қарай ауызсуды тасып беру ұйымдастырылады. Бағдарлама аясында қолға алынатын жобалар нәтижесінде 5 жылда 93 ауылда сумен қамтамасыз ету нысандар салынады, 11 ауылда сумен қамтамасыз ету желісін қайта жабдықталады. Қызылорда облысына қатысты жобалар арасынан туризмді дамыту шаралары ерекше назар аудартты. Аймақтың туристік тартымдылығын арттыру үшін «Nur Otan» партиясы Арал ауданының Қамыстыбас және Шиелі ауданының Қанқожа көлдерінің жағалауында жағажай туризмін дамытуды (100 демалыс үйі салынады), Жаңақорған ауданындағы балшықпен емдеу орындары желісін кеңейтуді қолға алмақ. Сондай-ақ, жаңа туристік маршруттар әзірленіп, саланы жетік білетін 250  кадр даярланады.  Өңір тұрғындарын қуантқан тағы бір жаңалық, келер жылы Қызылорда қаласындағы жаңа әуежай терминалының құрылысы басталады. Алдағы уақытта Ресей (Мәскеу), Түркия (Стамбул, Анталия), БАӘ (Дубай) және Қытайға (Үрімші) тікелей халықаралық рейстерді кеңейту көзделіп отыр.   Ерлан САИРОВ, саясаттанушы: