«Nur Otan» ұсынған жобалар нағыз халықтық бағдарлама болмақ – Ерлан Саиров

«Nur Otan» ұсынған жобалар нағыз халықтық бағдарлама болмақ – Ерлан Саиров

«Nur Otan» ұсынған жобалар нағыз халықтық бағдарлама болмақ – Ерлан Саиров
ашық дереккөзі
Праймериздің үгіт-насихат кезеңінің басталуына орай «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасын ұсынды.  Алдағы 5 жылда жүзеге асырылатын бағдарламада ел дамуына тың серпін беретін 216 жоба бар. Жобалар республикамыздың әр өңіріндегі шешімін күткен ең күрделі мәселелерді қамтып, оларды шешу жолдарын көрсетуімен өзекті. Нақты ұсыныстар, көкейге қонымды істер айтылған. Нұротандықтар бағдарламаны ел талқысына ұсынып, Қазақстанның әр азаматын жобаға үн қосуға шақырып отыр. Демек, бағдарлама әлі де толығып, жетіле түспек. 

 Елордада жыл сайын 10 мың отбасы қоныстой тойлайды

 Бағдарлама аясында партиялықтар Нұр-Сұлтан тұрғындарының өмір сапасын жақсартудың бірнеше бағытын көрсеткен. Мәселен, елордадағы тұрғын үй мәселесін шешу үшін 2021 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын 10 мың пәтер тапсыру жоспарланған. Салыстыру үшін айтар болсақ, биыл бас қалада 8 мың пәтер пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, «Nur Otan» партиясы 2023 жылға дейін құрылысы ұзаққа созылған нысандар мәселесін толық шешуге уәде беріп отыр.  width= Денсаулық сақтау саласында да іргелі өзгерістер болмақ. Атап айтқанда, елордадағы нұротандықтар «Үйдегі дәрігер» жобасы шеңберінде 30 отбасылық дәрігерлік амбулатория ашуды көздейді. Жоба 300 мың тұрғынды қамтиды. Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда ұлттық ғылыми онкологиялық орталық, 500 орындық инфекциялық аурухана, 800 орындық көпбейінді аурухана және жаңа перзентхана салынбақ. Алматыға қатысты жобалар да ауқымды. «Nur Otan» партиясы оңтүстік астанамызды әлемдегі ең тартымды мегаполистердің біріне айналдыруды мақсат етіп отыр. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін алдағы жылдары экономикалық өсімді 5 пайызға дейін арттыру көзделген. Алматыда құны 4,5 трлн теңге болатын. 114 жеке инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орыны ашылады. Партиялықтар Шымкентте де тұрғын үй құрылысын арттырмақ. 2021 жылы «Шымкент сити» шағынауданында 60 мың тұрғынға арналған заманауи көпқабатты үй мен ойын-сауық орталықтары салынады. 5 жылда 3 миллион шаршы метр баспана немесе 47 мың пәтер салу жоспарланған. Нәтижесінде, 3 мыңға жуық көпбалалы отбасы мен әлеуметтік әлсіз топтағы 532 азамат баспанамен қамтылады. Бағдарлама жобасында Шымкенттің денсаулық сақтау саласына да ерекше көңіл бөлінген. Партия қалалық мәслихатқа сайлауда жеңіске жеткен жағдайда, мегаполисте бірден 10 жаңа медициналық орталық салу, сондай-ақ 36 медициналық мекемеде материалдық-техникалық базаны жаңарту жоспарлануда. «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облысында да ауқымды жобаларды қолға алмақ. Әсіресе, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында жаңа балабақшалар мен мектептер салу міндеті қойылып отыр.

Жамбылда 84 мың жаңа жұмыс орны құрылады

Сайлауалды бағдарламада Жезқазған қаласындағы жұмысқа орналасу мәселелері жеке бағыт ретінде қарастырылып, шешу жолдары ұсынылған. Қалада тұрақты жұмыс орындарын ашу үшін өңдеуші өнеркәсіп саласында бірден бірнеше жаңа кәсіпорын салу көзделген. Партия ұсынған жобалар нәтижесінде Жамбыл облысында да жаңа жұмыс орындары көбеймек. Нақтырақ айтсақ, алдағы 5 жылда аймақта 84 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ. Облыста ИИДМБ бойынша 19 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы өңдеу өнеркәсібін дамыту көзделген.  Сондай-ақ партия «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының инженерлік инфрақұрылымын кезең-кезеңімен аяқтап, 8 өндірісті іске асыруға бастамашыл болмақ. Бұдан бөлек, 2025 жылы аймақтағы сары фосфор өндірісінің көлемін 110 мың тоннаға дейін, минералды тыңайтқыштарды 220 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Портландцемент экспортын 1,3 мың тоннаға дейін, натрий цианиді тасымалын 6 мың тоннаға дейін өсіру арқылы өңірдің шикізаттық емес экспортын 1,2 есеге арттыру жоспарланып отыр. Облыстағы жұмыссыздық мәселесін шешу үшін  «Nur Otan» партиясы жыл сайын кем дегенде 16 мың тұрақты жұмыс орынын құруға, бос тұрған жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына кем дегенде 765 адам тартуға ниетті. Жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін Ақтөбе облысында да өңдеу өнеркәсібінің қуатын арттыру көзделген. Бұл мақсатта партия 2025 жылға дейін кемінде 34 ірі инвестициялық жобаны іске асырмақ. Атап айтсақ, 2022 жылы Ақтөбе қаласында 250 жұмыс орнын құратын, қуаты 200 мың тонна болатын электр балқыту зауыты, 2023 жылы Мұғалжар ауданында 700 жұмыс орнын құратын тау-кен металлургия комбинаты, 2024 жылы Мәртөк ауданының Шоқаш, Новомихайлов және Ащысай кен орындарының аумақтарында 300 жұмыс орнын құратын тау-кен-химия кешені бой салынады.  width= Сондай-ақ индустрияландыру шеңберінде облыстың 55 кәсіпорнының жабдықтарын жаңарту, жергілікті өнімді басқа өңірлер мен елдерде белсенді тарату, ферроқорытпалар, рельстер, химиялық өнімдер мен тамақ өнімдері экспортын 6%-ға ұлғайту жоспарлануда. Бұл шаралар өңдеу өнеркәсібінің облыс экономикасындағы көлемін 10 %-дан 18%-ға көтеруге мүмкіндік береді. Ал Солтүстік Қазақстан облысында жол инфрақұрылымын жақсартуға айрықша ден қойылмақ. 2021 жылы облыстық және аудандық автожолдардың кемінде бес жүз шақырымын жөндеу ұсынылып отыр.

Қостанайлықтар cапалы ауызсумен 100 пайыз қамтылады

2025 жылға дейін партия Қостанай облысы халқын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешіп бермек. Ол үшін 300-ден аса адам тұратын ауылдарда орталықтандырылған су құбыры тартылады, 200-ден 300-ге дейін немесе одан да көбірек тұрғын болса, олардың келісімімен су тазарту және тарату нүктесі салынады. 200 адамға дейін халық тұратын ауыз суы сапалы құдықтары мен ұңғылары жоқ шағынауылдарда сумен қамтамасыз етілген шаққа дейін қажеттеріне қарай ауызсуды тасып беру ұйымдастырылады. Бағдарлама аясында қолға алынатын жобалар нәтижесінде 5 жылда 93 ауылда сумен қамтамасыз ету нысандар салынады, 11 ауылда сумен қамтамасыз ету желісін қайта жабдықталады. Қызылорда облысына қатысты жобалар арасынан туризмді дамыту шаралары ерекше назар аудартты. Аймақтың туристік тартымдылығын арттыру үшін «Nur Otan» партиясы Арал ауданының Қамыстыбас және Шиелі ауданының Қанқожа көлдерінің жағалауында жағажай туризмін дамытуды (100 демалыс үйі салынады), Жаңақорған ауданындағы балшықпен емдеу орындары желісін кеңейтуді қолға алмақ. Сондай-ақ, жаңа туристік маршруттар әзірленіп, саланы жетік білетін 250  кадр даярланады.  Өңір тұрғындарын қуантқан тағы бір жаңалық, келер жылы Қызылорда қаласындағы жаңа әуежай терминалының құрылысы басталады. Алдағы уақытта Ресей (Мәскеу), Түркия (Стамбул, Анталия), БАӘ (Дубай) және Қытайға (Үрімші) тікелей халықаралық рейстерді кеңейту көзделіп отыр.   Ерлан САИРОВ, саясаттанушы:  width= – «Nur Otan» партиясы праймериз аясында өзінің сайлауалды бағдарламасын жариялады. Партия алдағы 5 жыл ішінде іске асырылуы тиіс 216 жобаны халықтың талқылауына ұсынды. Жарияланған бағдарлама жергілікті халықтың ұсынысымен, тілегімен, сонымен қатар праймериз кезінде әртүрлі азаматтардың айтқан өтініші мен назы аясында бағдарлама қайта қаралып, толықтырылады. Бағдарлама аудандық, облыстық, республикалық деңгейде әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық дамудың нақты индикаторлары мен көрсеткіштерін қамтиды. Президент Қ.Тоқаевтың «Тыңдауға қабілетті мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес келеді. Партияның сайлауалды бағдарламасы халыққа ұсынылып, талқылағаннан кейін шынайы халықтық бағдарлама болады деуге толық негіз бар. Себебі халық арасында да, үміткерлер арасында да праймеризге қызығушылық өте жоғары екені байқалып жатыр.