Жаңалықтар

Еліміздің тағы бір қаласында "Сергек" камералары орнатылады

Еліміздің тағы бір қаласында "Сергек" камералары орнатылады

10 қыркүйектен бастап Атырауда "Сергек" видеобақылау жүйесі іске қосылады, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Атыраудағы "Сергекті" орнатуға облыстық мәслихат депутаттары 2019 жылдың сәуір айында бірауыздан дауыс бергені айтылады. Жоба 10 миллиард теңгеге бағаланған. Оны іске асыру сол жылдың жазында басталды, жұмыстарды 2020 жылдың наурызында аяқтау жоспарланған болатын.