Зейнет жасының өзгеруі: Министрлік желіде тараған ақпаратқа қатысты түсінік берді

Сондай-ақ!

6 жасар баланы көлігімен қағып, қашып кеткен азамат ұсталды

Түркістан облысының полицейлері автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен тұрғынды ұстады. Кентау полициясына қалалық орталық ауруханадан хабарлама түскен. Онда жол апатынан дене жарақатымен...

Заңсыздық: Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып отырған

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі қозғап, тергеу жүргізген. Ол Қазақстан Республикасының азаматы бола...

Коронавирус өршіп тұр: 1 тәулікте 813 адам вирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 813 адамда коронавирус расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 71 Алматы қаласы - 74 Шымкент қаласы - 4 Ақмола облысы - 76 Ақтөбе облысы - 5 Алматы...

Марадонаның мәйітімен селфи жасап, жұмыстан қуылды

Sepelios Pinier жерлеу бюросының қызметкері жақында қайтыс болған Диего Марадонаның табытының жанында селфи жасағаны үшін жұмысынан қуылды. Бұл туралы Daily Mirror хабарлады. Әлеуметтік желіде атақты...
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған Қазақстанда зейнеткерлік жастың өзгертілуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ерлер үшін зейнеткерлік жас 63 жаста, әйелдер үшін қазіргі уақытта – 59,5 жаста басталады.
Сондай-ақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) жеткілікті жинақталған зейнетақы қаражаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары зейнетақы аннуитеті құқығын (зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін зейнеткерлікке шығу) пайдалана алады. Зейнетақы аннуитеті ерлер үшін – 55 жас, әйелдер үшін – 51,5 жас мөлшерінде белгіленген. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар 50 жастан бастап зейнетақы аннуитетін пайдалана алады.
Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңда әйелдердің зейнеткерлік жасын 2018 жылдан 2027 жылға дейін 10 жыл ішінде, 6 ай сайын арттыру көзделген.
Әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыру ынтымақты зейнетақы жүйесінің біртіндеп «тоқтатылуына» байланысты (ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін ғана есепке алынады, сондықтан оның мөлшері жылдан жылға азаяды).Осыған орай әйелдерге жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімін және жинақталған зейнетақы қаражатының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беріледі. Бұл болашақта оларға БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін жоғары мөлшерде алуға мүмкіндік береді, оның мөлшері 2018 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.
Зейнеткерлік жастың ұлғаюы қазіргі уақытта зейнетақыныерте алуға құқығы бар әйелдерге әсер етпейді:
– 5 немесе одан да көп бала туып (асырап алып), оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер – 53 жаста;
– Семей ядролық сынақ полигонының төтенше және ең жоғары радиациялық қаупі бар аймақтарында 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 5 жыл өмір сүрген әйелдер – 45 жаста.
Әйелдер үшін жұмыс істемейтін ананың балаларына күтім жасаған уақытын, бірақ әр бала 3 жасқа толғанға дейін, барлығы 12 жыл шамасындағы уақытын зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтіліне есепке алу бойынша жеңілдік сақталды.
Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз.
Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз», делінген хабарламада.

 

Редакция таңдауы

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Бокстан Иран ұлттық құрамасындағы қазақ: Олимпиадаға қазақ елінің атынан қатысқым келеді

Бала кезінен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновке еліктеп өскен қандасымыз Абдулхаким Бектұр бокстан Иран ұлттық құрамасының белді мүшесі. Бүгінде Иранның негізгі құрамасында...

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Елбасы және Түркі әлемі

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы таяп келеді. Бір ғасырға жуық уақыттың үштен бірін алатын...

6 жасар баланы көлігімен қағып, қашып кеткен азамат ұсталды

Түркістан облысының полицейлері автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен тұрғынды...

Заңсыздық: Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып отырған

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты алаяқтық...

Коронавирус өршіп тұр: 1 тәулікте 813 адам вирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 813 адамда коронавирус расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 71 Алматы...

Марадонаның мәйітімен селфи жасап, жұмыстан қуылды

Sepelios Pinier жерлеу бюросының қызметкері жақында қайтыс болған Диего Марадонаның табытының жанында...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...