Қазақстанда заңсыз жүрген шетелдіктерге талап күшейтіледі

Қазақстанда заңсыз жүрген шетелдіктерге талап күшейтіледі

Қазақстанда заңсыз жүрген шетелдіктерге талап күшейтіледі
ашық дереккөзі
Қазақстанда жүріп-тұруына тыйым салынған шетел азаматтары 30 күн ішінде ел аумағынан шығуы тиіс. Бүгін Мәжілісте миграциялық ереже бұзғандарға қатысты осындай талап қою мәселесі қаралды. «Қазақстан аумағынан шығарылуы тиіс азаматтарды ұстау» жөніндегі жаңа заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Депутат Василий Олейниктің айтуынша, соңғы 2 жылда 25 мың 500 шетел азаматына Қазақстан аумағынан шығу жөнінде талап қойылды. Алайда соның 2 мыңы сот шешімін орындамай жүре берген. Тіпті шекті мерзімнің жоқтығы олардың заңға қайшы әрекеттер жасауына түрткі болды. ІІМ дерегінше, шетелдіктердің қолымен 220 мың әкімшілік және 4 мың қылмыстық іс жасалған. Бүгінде ел түрмелерінде 1 мың 300-дей шетел азаматы жазаларын өтеп жатыр.