Жаңалықтар

"Сүзек пен оба өршіп тұрғанда мектептер жабылған жоқ": Депутат қашықтан оқытуды тоқтатуды талап етті

"Сүзек пен оба өршіп тұрғанда мектептер жабылған жоқ": Депутат қашықтан оқытуды тоқтатуды талап етті

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Ирина Смирнова қашықтан оқыту форматының тиімділігіне күдік келтіріп, премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Депутаттың айтуынша, бұрын санитарлық нормаларды сақтау оңай болған жоқ. Себебі заман басқа, елдің жағдайы да басқаша еді. Ал қазіргі кезде қауіпсіздікті барынша қамтамасыз етуге болады. Оған барлық мүмкіндік бар. Соған қарамастан, мектептер мен жоғары оқу орындары көбінесе қашықтан жұмыс істейді. Осының салдарынан білімнің сапасы төмендеді. Балалардың техникалық мүмкіндігі бірдей емес. Содан білім алу жағынан теңсіздік анық байқалған. Ата-аналар болса, жұмыс істеудің орнына балалардың жанында отыруға мәжбүр.

Оның ойынша, санитарлық қызметтер жауапкершіліктен де қашады. Оларға қандай да бір жағдайда нақты эпидемиологиялық шараларды қолға алудың орнына бәрін жауып тастаған тиімді. Осы ұстанымның кесірінен бизнес шығынға ұшырып, жұмыс орындары жабылып жатыр.