Полицейлер де міндетті вакцинациялау тізіміне енуі мүмкін

Полицейлер де міндетті вакцинациялау тізіміне енуі мүмкін

Полицейлер де міндетті вакцинациялау тізіміне енуі мүмкін
ашық дереккөзі
Коронавирусқа қарсы вакцинациялауға жататын тәуекел тобына полицейлерлі де қосу қажет. Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осындай мәселе көтерді.  "Полиция қызметкерлері де тәуекел тобы болғандықтан, оларды осы тізімге қосуға бола ма? Олар да дәрігерлер сияқты қашықтан жұмыс істемейді, медицина мекемелерінің маңында жүреді", – деді министр. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, коронавирусқа қарсы міндетті вакцинациялауға жататындар тізіміне созылмалы ауруы бар, 60 жастан асқан адамдар, медицина қызметкерлері мен педагогтар енген. Ел бойынша вакцина егілетін адамдардың саны болжаммен 2 миллион 798 мың. Яғни, республика тұрғындарының 15 пайызына екпе жасалмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін вице-премьер Роман Скляр Қазақстан коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны қашан сатып алатынын айтқан болатын.