Қазақстанда бірыңғай онлайн білім беру платформасы дайындалады

Қазақстанда толыққанды оқу процесін қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай онлайн білім беру платформасы дайындалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті.

Министрдің сөзінше, білім беру жүйесіне білікті кадрлар тартылады. Педагогтардың мәртебесі артады.

«Кәсіби білім беру еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға қайта бағдарланатын болады. Елдің ғылыми әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылады», – ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов болашақ ұстаздарды дайындаудағы кемшіліктерге тоқталған болатын.

Министрдің айтуынша, биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша болашақ мұғалімдерді дайындайтын ЖОО-ға қойылатын талаптар күшейтілген. Бұған дейін олардың саны 86 болса, енді күрт азайып келеді.

Back to top button