Жаңалықтар

Тіл саясаты комитетіне жаңа басшы тағайындалды

ашық дереккөзі

Тіл саясаты комитетіне жаңа басшы тағайындалды

Белгілі журналист, жазушы, ақын Әділбек Қаба ҚР Мәдениет министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бүгінгі күнге дейін Тіл комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген Әділбек Қаба еңбек жолында ҚР Парламенті Сенаты Баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Бас Прокуратурасының Тіл саясаты басқармасының басшысы, "Тіл және қоғам" журналының Бас редакторы қызметін атқарған болатын. Қазақстан Журналистикасы академиясының академигі Әділбек Қаба «Жас Алаш», «Айқын» газеттерінде Бас редактордың орынбасары қызметін абыроймен атқарған танымал қаламгер. Әлем халықтары Жазушылары Одағының мүшесі Әділбек Қаба ойлы оқырманына жалынды жырлары мен тұщымды әңгімелері арқылы да жақсы таныс.