Жамбылда 84 мың жаңа жұмыс орны құрылады

Жамбылда 84 мың жаңа жұмыс орны құрылады

Жамбылда 84 мың жаңа жұмыс орны құрылады
ашық дереккөзі
 «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде Жамбыл облысында шамамен 84 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ. «Nur Otan» партиясы өнеркәсіп саласын дамытуда отандық өндірушілерді қолдауға, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өнім шығаратын жаңа өндірістерді ашуға баса назар аударатын болады. Партияның сайлауалды бағдарламасы шеңберінде Жамбыл облысында ИИДМБ бойынша 19 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы өңдеу өнеркәсібін дамыту көзделген. Нәтижесінде 2025 жылға қарай 6 мың жаңа жұмыс орнын құрылады. Сондай-ақ, партия «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының инженерлік инфрақұрылымын кезең-кезеңімен аяқтап,8 өндірісті іске асыруға бастамашыл болмақ. Бұдан бөлек, 2025 жылы аймақтағы сары фосфор өндірісінің көлемін 110 мың тоннаға дейін, минералды тыңайтқыштарды 220 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Портландцемент экспортын 1,3 мың тоннаға дейін, натрий цианиді тасымалын 6 мың тоннаға дейін өсіру арқылы өңірдің шикізаттық емес экспортын 1,2 есеге арттыру жоспарланып отыр. Облыстағы жұмыссыздық мәселесін шешу үшін  «Nur Otan» партиясы жыл сайын кем дегенде 16 мың тұрақты жұмыс орындарын құруға, бос тұрған жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына кем дегенде 765 адам тартуға ниетті.  width=