Сауда соғысы: АҚШ Қытайға кезекті соққы жасауға дайындалып жатыр

Сауда соғысы: АҚШ Қытайға кезекті соққы жасауға дайындалып жатыр

Сауда соғысы: АҚШ Қытайға кезекті соққы жасауға дайындалып жатыр
ашық дереккөзі
АҚШ билігі сауда соғысында Қытайға кезекті соққы жасайтын қадамға баруға дайын, деп хабарлайды The New York Times. Басылымның хабарлауынша, АҚШ президентінің әкімшілігі Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданынан мақта өнімдерін тасымалдауға тыйым салу мәселесін қарастыруда. Оған адам құқықтарының бұзылуы себеп. The New York Times дереккөздерінің сөзіне сүйенсек, АҚШ-қа Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданынан немесе жалпы Қытайдан импортталатын мақта өнімдеріне тыйым салынуы мүмкін. Тағы бір дерек бойынша, шектеу Қытай өнімдерін пайдаланатын шетелдік киім өндірушілердің барлығын қамтуы ғажап емес. Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы – Қытай фабрикаларында қолданылатын мақта, мата, мұнай-химия және өзге де тауарлардың негізгі өндірушісі. Бұл өңірде өндірілетін мақтаны көптеген ірі киім фабрикалары пайдаланады. Автономиялық ауданда негізінен ұйғырлар тұрады. АҚШ Қытайдың аз ұлттарға қарсы басқыншылық әрекеттерін «геноцид» деп атамақ. Сондай-ақ, Вашингтон Пекинді адамгершілікке қарсы қылмыстар жасады және этникалық «тазалау» жүргізді деп айыптауы мүмкін.