Елордада қандай мамандықтар сұранысқа ие?
Елордада қандай мамандықтар сұранысқа ие?
Бүгінде елордада құрылыс, сауда және денсаулық сақтау саласындағы мамандықтарға сұраныс бар, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
8 қыркүйекке дейінгі жағдай бойынша «Электрондық еңбек биржасы» порталында 700-ден астам жұмыс берушіден 6 096 бос жұмыс орны орналастырылған.
Құрылыс саласында жұмыс берушілер арасында сұранысқа ие мамандықтар - инженер-сметашы, прораб, шебер, әр түрлі жұмыс істеуші, тас қалаушы, арматурашы, бетоншы, учаске электриктері, ӨТБ инженері.
Сауда саласы бойынша сатушы, кассир, менеджер, супервайзер, мерчендайзер, сауда өкілі, жанармай құюшы сынды кадрлардың тапшылығы байқалады.
Денсаулық сақтау саласында дәрігер, медбике / аға, санитар (ка) мамандықтары сұранысқа ие.
Жұмыспен қамту Орталығының базасында жастарға арналған – 1 894 бос жұмыс орны, тұрғын үй берілетін – 660 бос жұмыс орны, бұл жерде әсіресе құрылыс саласындағы бос жұмыс орындарына басымдылық етіледі, ыңғайлы кестесі бар - 38 бос жұмыс орны бар.
Сондай-ақ елордалық жұмыспен қамту Орталығы Жұмыспен қамтудың Жол картасы және "Жастар тәжірибесі", "Қоғамдық жұмыстар" бағдарламалары аясында бос жұмыс орындарын ұсынады.
Бос жұмыс орындарының тізімі Орталықтың www.cz.astana.kz. ресми сайтында жарияланған.
ЖҚЖК бойынша бос жұмыс орындары сілтемесі бойынша қолжетімді.
Жұмыспен қамтудың Жол картасы бойынша ең қажетті бос жұмыс орындары: жұмысшы, жол жұмысшысы, жүк көлігінің жүргізушісі, монтажшы, көгалдандыру бойынша жұмысшы.
ЖТ бойынша бос жұмыс орындары келесі сілтеме бойынша қолжетімді.
Қосымша ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде қолжетімді.