Түркістан облысында жауған жаңбыр мөлшері 20 жыл бұрынғы рекордты жаңартты

Түркістан облысында жауған жаңбыр мөлшері 20 жыл бұрынғы рекордты жаңартты

Түркістан облысында жауған жаңбыр мөлшері 20 жыл бұрынғы рекордты жаңартты
ашық дереккөзі
Еліміздің кейбір өңірлерінде жауын-шашын мөлшері бойынша рекордтық көрсеткіштер тіркелді деп хабарлайды "Қазгидромет". Қазақстанның солтүстік бөлігінде, сондай-ақ еліміздің орталығы, шығысы мен оңтүстік-шығысындағы жекелеген аудандарда температура тамыз айында нормадан 1-3°С-қа жоғары болған. Ал еліміздің батысында және оңтүстік-батысында (Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары) кей жерлерде нормадан 1-2°С төмен болған. Сонымен қатар ел аумағының басым бөлігінде түскен жауын-шашын мөлшері көпжылдық мәндер шамасында өзгерген. Мәселен, Қазақстанның солтүстік-батысында, батысында және оңтүстігінде нормадан 1-4 есе көп жауын жауған. 6 тамызда бір түн ішінде Маңғыстау облысының Ақтау метеостанциясында 66 мм жауын жауып, ол айлық нормадан 11 есе асып түскен (бір айдағы норма 6 мм). Бұл көрсеткіш бақылау тарихында рекордтық болды. Қызылорда облысында Шиелі метеостанциясында 1 тамызда 17 мм жауын-шашын түскен. Бұл айлық нормадан 8 есеге (айылқ норма 2 мм) артық. Осылайша бұл станцияда да рекордтық көрсеткіш тіркелген. Түркістан облысының Қазығұрт метеостанциясында 26 тамызда 15 мм жауын-шашын түскен. Бұл аймақ үшін айлық норма 4 мм. Алайда бұл жолы шамамен 4 айлық жауын-шашынның мөлшері тіркеліп, 20 жыл бұрынғы яғни 2001 жылғы тіркелген рекордтты жаңартқан.