Алматылықтар коммуналдық қызметтерге 2 млрд теңге қарыз

Алматылықтар коммуналдық қызметтерге 2 млрд теңге қарыз

Алматылықтар коммуналдық қызметтерге 2 млрд теңге қарыз
ашық дереккөзі
Алматы тұрғындарының коммуналдық қызметтерге екі млрд теңге берешегі бар. Бұл туралы Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы хабарлады.  «Коммуналдық қызметтерге қарыз болып қалғандардан берешекті өндіріп алу бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізіледі. Байланыс орталығының мамандары қарызы бар тұрғындарға үнемі қоңырау шалып, берешегі бар екенін естеріне салып, ескерту қағаздарын жібереді»,– делінген хабарламада. Бірінші қыркүйектегі жағдай бойынша, Алматы қаласындағы коммуналдық қызметтер үшін қарызы 4,5 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде тұрғындар - 2 млрд теңге, заңды тұлғалар - 2,5 млрд теңге қарыз.