Жаңалықтар

Пандемия кезінде тұрғын үй бағасы арзандаған елдер анықталды

ашық дереккөзі

Пандемия кезінде тұрғын үй бағасы арзандаған елдер анықталды

Коронавирус пандемиясы туғызған дағдарысқа қарамастан әлем елдерінде тұрғын үй бағасы қымбаттауда. 49 елдің тұрғын үй нарығын зерттеген Global Property Guide сарапшылары осылай мәлімдеді, деп хабарлайды krisha.kz. Мамандар бақылау жүргізген 49 елдің 34-інде баспана бағасы өссе, 15 елде тұрғын үй құны біршама төмендеген. Мәселен, Түркияда – 11,59 пайызға, Филиппинде  – 11,52 пайызға, Германияда  – 10,85 пайызға, Словакияда  –  9,13 пайызға, Эстонияда  – 8,28 пайызға қымбаттаған. Ал Египетте тұрғын үй бағасы 17 пайызға, Пәкістанда  – 4,62 пайызға, Мальтада  – 3,51 пайызға және БАӘ-де  – 3,22 пайызға арзандаған. Global Property Guide сарапшыларының айтуынша, Еуропада жылжымайтын мүлік бағасы қарқынды түрде өсіп жатыр. Еуропаның екі елінде – Мальта мен Финляндияда ғана баға төмендеген. АҚШ-та да тұрғын үй бағасы қымбаттай түскен.