Дәрігерлер түйреуіш жұтып қойған көкшетаулық сәбиді аман алып қалды
Дәрігерлер түйреуіш жұтып қойған көкшетаулық сәбиді аман алып қалды
Көкшетаулық дәрігерлер түйреуіш жұтып қойған сәбиді аман алып қалды. Бұл туралы Ақмола облыстық балалар ауруханасының әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.
«27 тамызда оториноларинголог Гүлнар Жүнісова бір жасар сәбиге ота жасады. Дәрігердің кәсіби шеберлігінің арқасында наркоз және хирургиялық отасыз баланың өңешіне тұрып қалған түйіреуіш алынды», - делінген желідегі жазбада.