Дәрігерлер түйреуіш жұтып қойған көкшетаулық сәбиді аман алып қалды

Көкшетаулық дәрігерлер түйреуіш жұтып қойған сәбиді аман алып қалды. Бұл туралы Ақмола облыстық балалар ауруханасының әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.

«27 тамызда оториноларинголог Гүлнар Жүнісова бір жасар сәбиге ота жасады. Дәрігердің кәсіби шеберлігінің арқасында наркоз және хирургиялық отасыз баланың өңешіне тұрып қалған түйіреуіш алынды», – делінген желідегі жазбада.

2009081258237935g

Сонымен бірге, дәрігерлер баланың тыныс алуы мен сөйлеуі қиындаса, дыбыс шығара алмаса, рефлекторлы лоқсу, өңір сырылы, тыныс алу қимылында діріл байқалса жедел дәрігерге баруға кеңес береді.

 

Back to top button