Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Еуропа олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті

Қазақстандық оқушылар Еуропа олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті

Қазақстандық оқушылар алғаш рет информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасына (European Junior Olympiad in Informatics) қатысып, жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл Олимпиадаға 27 мемлекеттен 90-нан астам оқушы қатысқан. Қазақстанның құрама команда мүшелері ұлттық жарыстар қорытындысы бойынша анықталған болатын. Осылайша қазақстандық құрама команда мүшелері – информатика пәні бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері еуропалық сайысқа қатысты.

Биыл European Junior Olympiad Informatics (EJOI) ұйымдастыру комитеті олимпиаданы онлайн режимде өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.