Жаңалықтар

Биыл Қазақстанда әуе тасымалы 43 пайызға азайды

ашық дереккөзі

Биыл Қазақстанда әуе тасымалы 43 пайызға азайды

Қазақстанда 2020 жылдың қаңтар-шілдесінде әуе компаниялары 2,6 млн адамды тасымалдады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 43,1%-ға аз, деп хабарлайды energyprom.kz. Ал шілде айында жолаушылар тасымалы 304,9 мың адамды құрады – маусым айымен салыстырғанда 36,6%-ға кеміген және өткен жылдан 3,3 есе аз. ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, жолаушылар айналымы 4,3 млрд жкм құрады – бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,2 есе аз. Шілде айында бұл көрсеткіш 467,8 млн жкм болды – маусым айымен салыстырғанда 1,8%-ға аз және өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда 4,2 есе төмендеген. Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 тамыздағы шешімі бойынша 17 тамыздан бастап Қазақстан аптасына 23 рейс жиілігімен 6 бағыт бойынша, 4 елге халықаралық ұшуды кезең-кезеңімен қайта басталды. Олар: БАӘ (11 рейс), Германия (5 рейс), Беларусь (4 рейс), Украина (3 рейс). Жеті айдың қорытындысы бойынша жүк пен жол жүгін тасымалдау 10,9 мың тоннаны құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 23,6%-ға аз. Шілде айында тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 33,3%-ға, яғни 1,4 мың тоннаға дейін төмендеді. Жеті айдың қорытындысы бойынша жүк айналымы 30,6 млн ткм құрады – бір жыл бұрынғыға қарағанда 36,7%-ға аз. Шілде айында жүк айналымы 24,3%-ға, яғни 3,7 млн ткм-ге дейін төмендеді. Шілде айында өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда жолаушыларға арналған әуе компанияларының қызмет бағасы 19%-ға төмендеген. Сектордағы қызметтердің барынша арзандауы Шымкентте (51,3%-ға), елордада (46,4%-ға) және Ақтөбе облысында (37,2%-ға) байқалды. Төрт өңірде баға өзгеріссіз қалды: Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында. Тағы екі өңірде қызметтер қымбаттады: Атырау облысында бірден 18,5%-ға, ал Қостанай облысында – 4,3%-ға.