Жаңалықтар

Мәдениет саласындағы Елбасы стипендиясының көлемі ұлғайды

ашық дереккөзі

Мәдениет саласындағы Елбасы стипендиясының көлемі ұлғайды

Президент жарлығына сәйкес, қазақстандық мәдениет қайраткерлері 152 790 теңге көлеміндегі Елбасы стипендиясын алады. Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев 2000 жылдың 3 сәуіріндегі "Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" жарлыққа өзгеріс енгізді. "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын", - деп жазылған Ақорда сайтында жарияланған жарлық мәтінінде. Бұған дейін стипендия көлемі 20 айлық есептік көрсеткішке тең болатын.