Мәдениет саласындағы Елбасы стипендиясының көлемі ұлғайды

Мәдениет саласындағы Елбасы стипендиясының көлемі ұлғайды

Мәдениет саласындағы Елбасы стипендиясының көлемі ұлғайды
ашық дереккөзі
Президент жарлығына сәйкес, қазақстандық мәдениет қайраткерлері 152 790 теңге көлеміндегі Елбасы стипендиясын алады. Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев 2000 жылдың 3 сәуіріндегі "Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" жарлыққа өзгеріс енгізді.
"Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын", - деп жазылған Ақорда сайтында жарияланған жарлық мәтінінде. Бұған дейін стипендия көлемі 20 айлық есептік көрсеткішке тең болатын.