Жаңалықтар

Карантин кезінде көпке шапағатын тигізген қандасымыз қытайлық БАҚ назарына ілінді

ашық дереккөзі

Карантин кезінде көпке шапағатын тигізген қандасымыз қытайлық БАҚ назарына ілінді

Індет тарала бастаған кезде Ухань қаласына көмекке барып, Фаңсаң емханасында қаражорға билеген Үрімжілік Баһаргүл Толқынқызы белсенді еріктілердің қатарына қосылып, елдің алғысын алды. Бұл туралы Қытайдың Орталық халық радиосы хабарлады.  Аталған ақпарат көзінің дерегіне сүйенсек, Баһаргүл Толқынқызы Шынжаң ұйғыр автономиялы өлкелік Ұйғыр емшілігі емханасының қызметкері, сондай-ақ ол өзі тұратын аумақтағы еріктілер тобының белсенді мүшесі. Осы жолы Үрімжідегі карантин кезінде, ол өз жұмыс орнының тапсырмасы бойынша үйде қызмет істейді. Сондай-ақ, волонтерлер қатарында карантиндегі тұрғындардың қажетті заттарын жеткізіп берумен айналысқан. Адамдардың дене температурасын өлшеу, үй аулаларын тазалау, дезинфекциялау қатарлы жұмыстарды істеп, халыққа пайдасын тигізген. «Ол ауруханадағы жансақтау бөлімде жатқан бір қарияға қан керек болғанын естиді. Волонтер Баһаргүл науқастанған қарттың отбасындағылармен хабарласып, өзінің 2013 жылдан бері ақысыз қан беріп келе жатқанын, егер қажет болса көмек қолын созатынын айтады. Сөйтіп, ол өзі тұратын шағын ауданның басшыларына хабарласып, солардың көмегімен автокөлік дайындап, науқасты өз емханасына жеткізеді. Толықтай тексеруден кейін, ерікті түрде ақысыз қан берді. Жас дәрігер Баһаргүл осындай игі істерімен айналасындағы адамдарға үлгі», - деп жазады қытайлық БАҚ.