Ресейлік «Спутник V» вакцинасы азаматтық айналымға шықты

Ресейде коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы азаматтық айналымға шықты. Препарат жуырда Ресей өңірлеріне жеткізілмек. Бұл туралы елдің  денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

«Жаңа коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған вакцинаның алғашқы партиясы – «Гам-Ковид-Вак» (Спутник V) қажетті сапа сынақтарынан өтіп, азаматтық айналымға шығарылды», – делінген министрлік хабарламада.

Вакцинаны Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған.  Сынақтар Ресейдің Денсаулық сақтауды қадағалау қызметінің зертханаларында жүргізілген.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Қазақстан ресейлік вакцинаны қашан сатып алатынын айтқан болатын.

Вице-премьердің сөзінше, екпе сынақтың үшінші кезеңінен өткеннен кейін ғана оны сатып алу туралы шешім қабылданбақ.

Back to top button